Астана қаласы әкімдігінің «№ 28 «Жұлдыз» санаториялық балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Республикалық референдум туралы»

2022 жылғы 13 мамыр күні Астана қаласы әкімдігінің № 28 “Жұлдыз” санаториялық балабақшасының меңгерушісі балабақша педагогтері мен ұжымы арасында Қазақстан Республикасы Конституцияның 91-бабының 1-тармағына және «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 18-бабына сәйкес 2022 жылғы 5 маусымда өтетін республикалық референдумге байланысты кезектен тыс жиналыс өткізді. Жиналыста балабақша ұжымы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?» деген тұжырымдағы сауал қойылып, республикалық референдумға барлық ұжымды ат салысуға шақырды.